Читать ««ЗАМАН-АЙ»» онлайн - страница 3

Қадыр Мырза Әли

Пұшайман перзент, жетім ел

Ақын ғұмыр арналар сыр аулауға,Солай болу тиіс пе жырауларға?!Кеудем толып жүреді құса-мұңға,Басым толып жүреді сұрауларға!Ащы сөйлер кей кезде тілім майда.Қысыр бие – қысыр ой,Құлындай ма?!Ақыл қайда?Паспорт бар қолымызда,Диплом бар қып-қызыл,Білім қайда?!Ақыл, шіркін, өзара ауыспай ма?Қасіреттен қабырға қайыспай ма?!Киіз кітап!Сол өзі қайда кетті?Кодекс бар,Мораль бар…Намыс қайда?!Жүре-жүре от жүрек салқындай ма?Тыңдамайды сəбилер,Шал тыңдай ма?!Əке көрген – оқ жонар,Шеше керген – …Ұлтың да бар,Жұртыңда…Салтың қайда?!Іздеп кетті адамдар артық пайда!Жас ұқпаса ұқпасын!Қарт ұқпай ма?!Қирап түсті қоғамның қабырғасы…Заңың да бар,Сот та бар,Тəртіп қайда?!Айналғанда отты ойлар нажағайға,Көңіліңді бір күдік қажамай ма?!Неге кедей бай елде тұрған адам?Кеніш те бар,Кен де бар,Қожа қайда?!Айналаға қарап ел жайды ұқпай ма?!Түбі жауап берем деп қаймықпай ма?!Сөрелерге жығылар шыбын тайып…Табысың бар,Ақшаң бар,Байлық қайда?!Келіп қалды кезіміз көгеретін!Кезі болды көп ойдың көнеретін.Еркең де бар,Ер де бар,Есті де бар,Серкең қайда артынан Ел еретін?!Жақсы болсаң, данадан бата аласың,Жаман болсаң, бір күні шаталасың!Жетімхана айнала,Жетімектер,Ал солардың қайда жүр ата-анасы?!Жез таңдайға обал ғой,Мыс таңдайға.Таза жүрек құсадан ысталмай ма?Əдеп қайда, қыздар-ау,Ұят қайда?!Тізгін қайда, жігіттер,Ұстам қайда?!Арты қатты тірліктің,Алды майда.Опасыздық адамды аңдымай ма?!Сезіміңді қоярға жер таппадың,Сəбиіңді қоясың енді қайда?!Үміт деген ердің-ау бір сағымға.Жұбатам ба қайтемін?Ұрсамын ба?!Баспана бар,Құжат жоқЕсептен тысӨсіп жатыр əзірше құрсағыңда.Не істегенін ойланып,«Ер» талдай ма?!Сығып қалсаң бетіңді,Ар тамбай ма?!Өсіп жатыр əзірше ұл құрсағыңда,Ертең қайда қоясың,Ертең қайда?!Дұрысырақ бұл сөзді ұғыналық,Жүре-тұғын өзіңсіз түбі налып.Жігіт – қоразШақырып отыр қазірБасқа дуал үстіне шығып алып!Ойлай-ойлай кетеді ісіп бас та,Ару басқа, көкетай, мысық басқа!Ата-анадан,Ауылдан қысылғаннанҚұтылады біреулер түсік тастап!Гүл ие ме өмірге?Пұл ие ме?Қуаныш па?Немесе мұң ие ме?!Жылай-жылай жетесің толғағыңа,Шыр-шыр етіп келеді ол дүниеге!Жазылғандай кəдімгі сценарийдеЖігіт қайда?Қашып жүр ол əр үйде.Болмайтынын білген соң отасудың,Бас тартасың баладан сен, əрине!Аласың жоқ біреуде,Жоқ бересің.Аһлаумен күндерді өткересің.Алданған соң…Ол түгіл,БасқалардыЖазықсыздан жазықсыз жек көресің!Ішің күйіп,Ашуың қайнағандай.Өзіңді-өзің боласың байлағандай.Өкіресің,Өксисің,Ал сəбигеКеліп-кетер осыдан пайда қандай?!Аманыңда,Өзіңнің есеніңдеТиген оған зияның,Кеселің де:Бесік жырын естімей,Емшек ембей,Өседі ол бүрісіп төсегінде!Жəрдемдестім,Талайға көмек бердім.Парыз деген болады,Төлеп көргін!Жетімхана – бесігі бақытсыздың,Жетімхана – түрмесі бөбектердің!Ауырар ол сан мəрте тəні қызып,Бұл ғана ма?Болады əлі қызық.Кім деп оны сен ертең айта аласың:Өңі – қазақ,Тілі – орыс,Қаны –бұзық?!Араласқым келмейді көп дауыңа.Арынды өмір,Қиындау тоқтауыңа.Ол баланың құқы бар не істесе де:Сені жəне əкесін соттауына!Боратады тағдырдың желі құмды.Ақтай қояр мұндайда Елі кімді?!Жаратқан да,Жұртың да,Келешек теБұза алмайды ешқашан ол үкімді!Сен, білемін, жабасың жастығыңа.Жаратқанның,Жазмыштың қастығына.Дұрыстық, бар сөзіңде…Сені алдағанƏкесінде, əрине, басты кінə!Шошытпайық заңыңа шорқақ елді,Жолбарыс ұл дей алман жорта келді.Екеуіңді білмейді жетім сорлы,Перзент ортақ,Үкім де ортақ енді!Ауа бар ма жайлаудың ауасындай!Дауа бар ма туған жер дауасындай?!Кім болады ол ертең,Кім болады,Білмеген соң даласын… анасындай?!Омырауын ұқыпты түймелесін.Түймелесін,Саз-балшық илемесін.Кім болады ол бірақ таАтасы менАқ əжесі бетінен сүймегесін?!Бала кездің бақытын бермегесін,Шайқалмасын өскенде жер – кемесі!Кім болады олБоздаған бота мененКісінеген құлынды көрмегесін?!Таң атады,Түседі күнде бесін.Тісін қайрап шыдасын!Үндемесін!Кім болады дегенмен,Кім болады,Махаббатын ананың білмегесін?!Жанашыр аз…Білмейміз кінəміз не?!Жалғызсырап жылаймыз құла күзде.Қазақстан – ол да бір жетім бала,Өгей шеше – Ресей мына бізге!Кім естиді бұл сөзді,Зарды мына?Кім кінəлі заманның тарлығына?!Сұрақтар көп қоятын,Сауалдар көп…Жауап қайда осының барлығына?!