Читать ««ЗАМАН-АЙ»» онлайн - страница 2

Қадыр Мырза Әли

Рухани өмір, яки өнер дүниесі

Қайран өлең өшпеген,Көнермеген!Пірім дер ем,Сұрасаң егер менен.О заман-ай!Қас дұшпан қалмағандайҚаншама жыл ұстастық Өнерменен!Толып жатыр дəлел мен дерек тегі,Тамақ қана адамға қорек пе еді?!Жерің қажет,Жердегі кенің қажет,Ал өнерің ешкімге керек пе еді!Бас иеді тірілер мүрделерге,Бас имесе,Олармен жүрме бірге!Талант жолы – кəдімгі азап жолы,Талант жолы – тірелген түрмелерге!Дарын иесін Ел ғана бағалады:Үкі тақты,Тұлпарын тағалады!Ақырзаман келгендеАсыл жандарАлыстағы ауылды паналады.Заман болды,Кез болды Арың сыздар.О Жасаған!Жақсының бəрін сызба!Басты талай өмірде,Басты талайДарындының орынын дарынсыздар.Өтті күндер,Ол – тарих,Ол – бір аңыз.Қажет тапсақ – Айға ауыл қондырамыз.Малың керек,Малыңның сүті керек,Керек емес алайда домбыраңыз!Қылыш жанып қара күш білегіне,Қарамады қалың ел тілегіне.Қайран Өнер!Қаншама айырылыпЗар боп қалдық біз оның сілеміне!Түрмелерге тықпалап тілге өжетті,Таққа талай қонжиттық… кіл көжекті!Ақырында, бауырым,АқырындаƏн мен күйді ұқпайтын күнге жеттік!Енді, міне, бұл өнер тоқырады.Пайда болды заржақтар оқыралы.Операда бүгіндеБірен-саранКелім-кетім қонақтар отырады.Бұғаулама,Дарынның қи шідерін!Шідерменен не істемек биші керім?!Қойың керек,Қой бағар шопан керек…Керек емес бірақ та күйшілерім!Домбыраның жаңылып пернесінен,Қашып көрдік қазақтың термесінен.Басшыларды,Қаншама іздесең де,Көре алмайсың сурет көрмесінен!Өнер мұңы əйтеуір тарамайды.Қашан бізді талдайды,Даралайды?!Концерттермен бітеді барлық форум,Кейбіреулер оған да қарамайды.Болса керек қонбайтын əн басына,Басын изеп бір келген жолдасына,Асығады қаланың сыртындағыДачаларға,Мініп ап «Волгасына».Сынар ма екен таланттың тағы сағы:Шын асылға мың масыл жабысады.Концертте емес,ҚалталыƏн-күймененРесторан залында «табысады».Тауға ұрыңыз бұл басты,Тасқа ұрыңыз!Тарихыңды жамандап бастырыңыз!..Қымызыңды ішелік,Етіңді жеп,Керек емес ал ескі дəстүріңіз!Көне заман күйлері – дана нұсқа,Өнерпазды мəпеле,Аман ұста!Театрдан үнемдеп,Үш əуейіБір жартылық ішеді демалыста!Жақындадық дегенмен мұратқа анық,Жапа шеккен құрбандар тұр ақталып.Көп, əрине, көбіктер,Көпіршіктер,Талғамсыздан тұрмайды бірақ халық!Сыйлы төрге таласып орынсыздар,Жанымызды қарыды барынша ызғар.Қай заманда болмасын,Қай қоғамдаЖасамаған өнерді дарынсыздар!Дарын – менің əулием,Кенішім де.Айқасамын,Күресем сол үшін де!Көре-тұғын көз болса,Əттең, шіркін!Өнерпаздар жетеді ел ішінде!Тербетеді халықты жүрек жыры,Толып жатыр дарынның жүдеу жылы.Талай ақын тамаша өлең жазғанАэропортта,Вокзалда түнеп жүріп!Осы өлең – биігің,Қанатың да.Оқи-тұғын дұғаң да,Аятың да!Авторы оның жүреді қырық жылдайЖас ақынның, апырай, санатында!Қазағымның өртенді қанаты мың,Өртенсе де алған жоқ дала тыным.Қытай, орыс, ағылшын – керек тілдер,Керек емес ал сенің ана тілің!Келешекті бетке алып даңғыл жыры,Кереңдерге қор болып алғыр жылы,Керемет əн,Керемет күй шығарып,Талай дарын өледі қаңғып жүріп!Қазақтардын, болған ба аз қонағы!Біз тұрған үй əн-жырдан қозғалады.Дарынды жасКөзінің тірісіндеЖатақхана алғанға мəз болады!Талантыңды түртетін түлен дейді.Түлені бар – арқалы,Тіленбейді.Бір əдемі домбыра алу үшінБейшара əнші тамақтан үнемдейді!Еркіндік бар қашанда жүрісінде,Алдында оның шіренбе,Ірісінбе!Өлгеннен соң – табысы қоғамдікі,Байымайды ал өзі тірісінде!Қалар ма екен астында тағы сынның!Бізге қиын(Сынбайды сағы сұмның!)Ақша табу бір азап,Таба қалсаң,Жырып алар жартысын табысыңның!Тумай жатып тап болдық көп тиымға,Тиым салған талайлар өтті ұйымға…Патша дейміз,ПатшаңызӨнерпаздыңТабысынан алмаған көк тиын да!Алаңдайды көңілім,Алаңдайды.Өлең – қайғы,Тіл – қайғы.Далам – қайғы.Өнерге де аямай салық салдық,Салық салған Өнерге ел оңбайды!Қайран өлең өшпеген,Көнермеген –Пірім дер ем, сұрасаң егер менен.О заман-ай! Қас-дұшпан қалмағандайҚаншама жыл ұстастық Өнерменен!