Читать ««ЗАМАН-АЙ»» онлайн - страница 5

Қадыр Мырза Әли

Жаратқанның осы ма теңгермегі!Жастай солды жайсаңдар,Көгермеді.Не көрмеді баяғы бабам менің.Ұрпағы оның бүгінде не көрмеді?!Айырбастап бөбекке жарты нанды,Өте шықты бір жылдар арты қанды.Ұлы қазан əкелген жақсылықтыКіші қазан түк қоймай тартып алды.Талайларға жабылып жала, көкем,Болды оларға Магадан жаңа мекен.Труменнің тастаған бомбасынанПулеметі аштықтың жаман екен!Өткен-кеткен, бауырым, байқа өмірді:Жаңа жағдай барлығын қайта құрды,Аман қалған аштықтан аз қазақтыТағы қырдық… мадақтап Байқоңырды.Арал жақтың тұрғыны əрі өспеді.Өлім, өлім…Амалсыз бəрі өстеді.Тағдырынан түңілген қасіретті елБесігімен көмеді нəрестені!Бəрін сезіп үлгерген қамалдардаҚандай кінə тағамыз даналарға?!Сəбилерді əлдилеп ұйықтататынБесік жырын ұмытты аналар да!Тапталды гүл,Тапталар көде ме еді?!Жанұшырдық,Жаратқан жебемеді.Жетімдерге қол берген жаңа заманНе істемеді соңынан?Не демеді?Аяқ асты аурудың асқынбағы,Таусылады төзімі тастың-дағы!Жер сенікі,Əйтсе де сенікі емесҮстіндегі,Сол жердін, астындағы!Керек еді желбау мен басқұр кімге?!Кейбіреулер сияқты қасқыр мүлде.Қара жердің құйқасын тілген соқаЖыртып өтті қыртысын дəстүрдің де!Тағдырына ызалы,Аса кектіІздегендей сақ пенен массагетті,Жыртып берді даланы,Жыртқан кездеАта-баба қорымы қоса кетті!Өзен түгіл,Тамшы су тапшы мұнда,Шаруасы жоқ ал сонда хатшының да…Миллиард па? –Бересің миллиардты,Қалмаса да қамбаң мен қапшығыңда!Иланбай гөр дүние жалғанына!Тағдырдың бұл басыңа салғаны ма?!Бəрін, бəрін бересің орталыққа,Шүкір, дейсің, ал өзің қалғанына!Солай шешіп шаруаны шашпа бастық,Солақайлау қылығы шаштан асты…Жазираға сыймағанЖелдей жүйрікЖылқымыздың орынын шошқа басты!Тұрғызасың бір белгі өлгендерге,Өлгендерге –Бəріне көнгендергеСойылған мал – садаға! – көршілерге,Салынған үй – алдымен келгендерге!Кіршең көңіл осыдан сіркелейді,Шопан үйін – үй емес – күрке дейді.Елге оралса – жастарға қызмет жоқ,Астанада жұмыс бар,Тіркемейді.Ауылда да,Тас бауыр тасқаладаБір бақыты адамның – баспана да!Құжыра жоқ үйленбек болса жігіт,Қыздарымыз қартайды астанада!Əжуалап жалқауды,Еріншекті,Ата-анасы далада егін септі.Азаматы қалада қаңғып жүрді,Босағасын паналап келімсектің!Əттең, шіркін!Мұны ешкім елемеді.Қашан оның ақысы төленеді?!Коммунизм орнатпақ болған мықтыНе үйретпеді біздерге?Не демеді?Аман-есен шыққанмен тозақтан да,Алынбады бойдағы азап таңба.Қазақ болып жазылсаң жазыла ғой,Жазыла ғой,Алайда қазақ болма!Зенбірегі заманның тағы атылды:Шығарды жұрт бір-бірін бағатынды.Жылдан жылға азайды,Жылдан жылға Мектеп біздің – бесігі ана тілдің!Халық мұқтаж, əрине, сүйенерге,Қай кезде де атқан оқ тиеді ерге.Кісі өлтірсең кісі өлтір!Болады ондай…Тек ұлтыңды, көкетай, сүйе көрме!