Читать ««ЗАМАН-АЙ»» онлайн - страница 7

Қадыр Мырза Әли

Эпилог немесе шамырқану

Қоя алмайсың жасырып тауды қармен.Халықта – тау…Айтыспан дау құмармен.Митингімен бір ғана не істемексің?Не болмаса…Қаптаған қаулылармен?!Біз – қазақпыз,Қанша рет күйрегенбіз!Көп болғанбыз,Біртіндеп сирегенбіз.Егемендік алдық деп желікпелік,Жартыкешпіз,Əлі біз ширек елміз.Ұмытқан жөн баяғы алыс дауды.Көгертіп бақ Торғайды,Маңғыстауды.Кейбір қазақ кеткен жоқ қалалық боп,Бірақ ұмытып үлгерді мал ұстауды.Еске салар күзгі аспан,Қысқы аспандыЖуу керек көңілін ыс басқанды.Тірлігі үшін халықтың,Бірлігі үшінҚою керек өзара ұстасқанды!Мүмкін емес жақсының зарды ұқпауы.Керек ердің қарлықпау, барлықпауы.Жек көрсе де бір-бірін басын қоссынБолсын деген қазаққа барлық қауым!Ұлы тойдың түбінде болары қақ:Тұғырына жеңістің қонар ұрпақ.Бірақ оған жетпейміз тұра алмасақМүмкіндіктің өзінен жоғарырақ!Көзіңді сал:Кеппеген қанды іздерге.Ұрпақ керек, бауырым, балдыз дерге.Жоғалмайды көп халық көптігімен,Мықты болмай болмайды ал біздерге!Айналдырма еліңнің құтын уға,Барыңды бер халыққа тұтынуға.Қандай ойын болса даБұдан былайБір қазақтың қақы жоқ ұтылуға!Болмайды енді бір қадам шегінуге!Қол жаюға басқаға,Емінуге.Қандай күрес болса даБұдан былайБір қазақтың қақы жоқ жеңілуге!Мəз болып қалсын ісіңе ырымшыл ел,Алынбаған біздерден бұрын шідер.Боксер болсаң ұрып жық Мұхамбетті!Ал жарыссаң – бəйгеден бірінші кел!Көрдік біздер біразын топалаңның.Авторымыз қайғылы,Қапалы əннің.Қанағат қып ұйқысын бір кісінің,Жасау керек жұмысын екі адамның!Ұрпағымның өмірден көп алары,Жасалуда жақсылық жобалары.Егер жаның еліңе ашымаса,Қазақ болмай пəтшағар,Жоғал əрі!Десең егер шынымен шынығалық,Артық етті тастайсың сылып алып.Ұлы мақсат қоймасақ алдымызға,Бола алмаймыз ешқашан ұлы халық!Ел мен халық оп-оңай өсіп пе еді!Отыруға болмайды тосып тегі.Елдің қамын,Жер қамын,Кəрі түгіл,Ойлау керек сəбилер бесіктегі!Кетпеу керек бетімен бала лағып,Кетпеу керек сағыммен далаң ағып.Елдің қамын,Ер қамын ойлау керекƏйелдер де отырған бала бағып!Біздің халық айтысқа мұқтаж-ақ па?!Айтыс онда басқамен!Бұқпа! Жатпа!Бір қазаққа жақсылық жасау керекТүк билігі қолында жоқ, қазақ та!Құқың бар ма еліңді елім дерге?!Құқың болса,Бір дəнін тегін берме!Неге бірақ өздерін өзі шектеп,Азайтып жүр тууды келіндер де!Кімге қажет көкірек,Астамдығың?!Өтіп жатыр ауыр кез бастан бүгін.Үйленбеуің, ей жігіт, отызыңда –Қазағыңа жасаған қастандығың!Жек көреді аймалап құшқанды кім?!Сүйген күнің –Құс болып ұшқан күнің.Тұрмыс құрмай қартаю,Қарындасым,Ол да еліңе жасаған дұшпандығың!Асқақтама болдым деп жаста көркем!Ақыл тоқтат!Сəл басыл, асқан еркем!Жақсы əйел боп тумайды қыздар бірден,Табыскер боп тумайды бастан еркек!Басқара алмас,Ел түгіл,БөлімшеніТолып жатыр жалқауың,Еріншегің.Өзің қандай болсаң, беу, азаматым,Сондай болмақ түбінде келіншегің!Білем! Білем!Сертінен тайғандарғаШын өкпелі Шолпандар,Аймандар да!Бірақ, бірақ…Сыйлаған келіншегінБіздер түгіл,Мұхамбет пайғамбар да!Керегі жоқ тірлікті балағаттап.Ауылдарда,Қалада,РабаттаМахаббатқа мас болып жанұясы,Жүру керек аулада бала қаптап!Көзіңді сал:Кеппеген қанды іздерге.Ұрпақ керек:Бауырым,Балдыз дерге.Жоғалмайды көп халық көптігімен,Мықты болмай болмайды ал біздерге!Емес маған қызықты өмір бөтен,Елім жайлы жырымды дəуірлетем.Бірі темір,Бірі құм,Бірі цементЖасау керек қазақтан темірбетон!