Читать ««ЗАМАН-АЙ»» онлайн - страница 6

Қадыр Мырза Әли

Алаңдар жəне адамдар

Жыр болмаса көңілге кірмеген Күн,Халқымменен тағдыры бірге өлеңнің.БүрліктіріпБасталған желтоқсандаБасылған жоқ сарыны дүрбелеңнің.Неге соқты, көрдіңіз, түбі міне!Күдіктенді ел ең мықты іліміңе.Жұрттың көбі сенбейді ертеңіне,Біраз бастық сенбейді бүгініне.Айтқаныңды тыңдауға,Ұюға бар.Момын халық шамданар,Диюланар.Отыз жылда жорғалап əрең жеткенƏкімдігін біреулер қиюға бар.Бір құмалақ шірітіп,Бұзып майды,Жалғасты да ұзарды үзік қайғы.Жанын сала ұмтылып.БұрынғыдайБасшылыққа енді жұрт қызықпайды.Сендіруге болады бұған елді:Қол созбайды билікке ұлан енді.Хатшы болған қазақтар кей аудандаМолда болып оп-оңай шыға келді.Əкімшілік кеше жұрт керек еткенАйырылды құдірет,Кереметтен.Партиядан біреулер ерте шықтыБір кездері өздері керек еткен.Желікпелер жұмыстан босай қалыпЖұртты жинап,Митингі жасайды анық.Талай тарпаң əлі де мас болып жүрДемократия буына басы айналып!Ұлы арманмен айқасып күйкі армандар,Кеше ғана су қашып,Күйді ормандар.Қиындықтар,Қаптаған қиындықтар,Олардан да көбірек бейформалдар.Туған талай китіңді,Итіңді деСонымен күй тынды де…Əке-шеше дефицит кезегінде,Бала-шаға алаңда,Бітті дəуір,Митингіде.Қонбаған ба, немесе, бата бізге?!Солдаттар тұр «Ат!» – десе, атамыз деп.Шындық іздеп келсе жұртОсы арадаКейбіреу жүр абырой-атақ іздеп!Ерлер де бар Елім деп елеп келер.Ездер де бар жік салып, Бөлектенер…Аты шықса болғаны, Көзге түссе,Жер өртеуге дайын жүр желөкпелер!Естен шыққан тəрізді ажал бары,Жоқ қолына қару ап қожаңдары…Бармақтарын шайнайдыПенсияғаШығып кеткен Тəртіптің көкжалдары.Аман өтсек осынау өліараны,Аңсаған күн жарқырап келер əлі.Жасырады қалтада жұдырығынІшкі істердің қартайған генералы.Күні кешеƏйгілі басты алаңдаКөрінбейді жастарды жасқағандар.Жариялап біреулер жатыр аштық,Тойып жүрген тəрізді басқа адамдар!Өзің үшін,Жер үшін,Ер үшін деКелген дұрыс болар ма келісімге?!СалпанқұлақБаяғы əдетіншеСөз жинап жүр дүрліккен ел ішінде.Сезу керек заманның мерезін де!Айналайын,Бар ма еді көз өзіңде?!Сайтандар да аз емес бұл арада,Бұл арада аз емес əзəзіл де!Барлығы ма жастардың,Нарлығы ма?Құлақ қоймас қалаатком жарлығына.Өкіметтің кешегі өкілдеріТыжырынып қарайды барлығына.Жап-жас еді,Олар да қартайыпты.Қартайыпты,Беттерден əр тайыпты.Олар түгіл,Ағайын тыңдар емесСүлейменов,Акуев,Сартаевты!Сөйлете бер ығай мен сығайыңды,Сөзіңнен-ақ таниды сыңайыңды.Тыңдамайды сəлделі мүфтиіңді,Тыңдамайды дəл қазір Құдайыңды!Еркіндік боп басыңа қонған ырыс.Жасаған жөн, бауырым, оңған бір іс.Шуласын жұрт,Шуласын!Қымыз толыМестің желін шығарып тұрған дұрыс!Қасіретті,Қауіпті ұғар ма адам?!Абай болсын жиынға құмар балаң.Митингіге барардаЖөн дегенменЖелтоқсанды есіңнен шығармаған!