Читать «Абай жолы. 4 кітап» онлайн - страница 314

Мұхтар Әуезов

Осылар сияқты Еуропа әдебиеті, мәдениеті, философиясы жөнінде сөз қозғалған жерде Абайды жаңа қырларымен көріндірді. Ол өзі оқып, танысқан Робин Гуд, Карл Моор, Жакерия, Дубровский, Сохатый тәрізді кейіпкерлерді, "Петр Великий", "Валентин Луй", "Чистое сердце", "Ягуар медленец", "Ақсақ француз", "Черный век Марта" сияқты оқыған кітаптарын елге әңгімелеп таратса, келе-келе Гете, Гейне, Байрон, Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин тектес ақын-жазушылар мен батыс пен шығыстың арғы-бергі философтарының өте күрделі шығармаларының айдынына тереңдеп батып кеткендей болды. Бұлармен ақынның ауқым-аумағының кеңістігін, қандай бағыт, дәреже-деңгейде екендігін елестетті.