Читать «Абай жолы. 4 кітап» онлайн - страница 304

Мұхтар Әуезов

2. Ерболдың өлімі, әсіресе Базаралының өлгені туралы хабармен аталу керек. Бұл өлімдерді енді сипаттау керек емес. Кітапта өлім көп.

3. Кісі аттары: екі Әбен түзелу керек (кейінгі тараудағы Әбен).

4. Біріншіде молда, халфелер "ифтарға" шақырылу керек.

5. Бесіншіде Абай Сақып адвокатты мазақтай әжуалау керек. "Сені "кәпір", мені "күпір" дер еді. Кәпір демей қайтсін, "Шайхұлісләмға" тілің келмейді. Атасының атын атай алмаған келіндей "аттеріс ислам" дейсің. Тасып әкетіп бара жатқан мұсылмандығыңды көріп отырмын" (күлкі, әжуа молайғанда Сақып "қых-қ, қых-к, қых-қ деп, тек тығылып қарқылдай береді).

6. Бесіншіде Абайды өлтірмек екен жау ниеті.

7. Қала байларының қыр жуандарымен құдаласулары, ескі надандық аяқ алып жүргізбейді.

8. Орыстың Макаров, Девяткин, Мешель тәрізді бірнеше үйі бар, жақсы жұмысшысы қазақ үйлеріне (ерлеріне) үлкен үлгі көрсетеді, қазір де тартысқа баулыды.

Алтыншы тарау

I

Абай Әйгеріммен Аралтөбені қыстайды. Оңаша. Кітап, өлең, еңбек соңында. Бала шәкірттер Абай өлеңдерін оқиды. Қаладан әуелі Әбіш келеді. Кейін Самарбай Ақшоқыға бара жатып, жолдан соғады. Үшінші Әлпейім келеді. Абайдың айтуымен медресені тастап, Тақырдың бойына барып егін егіп, еңбек сауатын кәсіпші болып алған.

Осы үш жолаушы бірден екі түрлі хабар айтып келеді. Біреуі: биыл жұт болады деп қауіп етуші көп. Тоғай бойында, Қарқаралы, Өскемен жағында, Көкпекті, Тарбағатайда жұт басталған. Жолдағы Көкеннің елі де бүрісіп отыр. Қалада және де ауыртпалық бар. Астық аз, азық қымбаттаған. Базарда қайыршы көп. Орыстың переселендерінен шыққан қайыршы көп. Қала жұмысшылары, кедейлері кәсіп таба алмай қысылып отыр. Базарға нан түсуі сиреген. Кей үй шай қойып беруге де шамасыз. Бұл – бір хабар.

Екінші: Абайға қатты жұбанышты қуаныш хабар. Ол – Марат туралы. Алты дуанның шербешнайы болыпты. Сонда Мағаштың білгірлігі, әділдігі, мінезділігі жұрттан асыпты. Шұбар, Әзімбай, Оразбай баласы Медеу, Жиренше балалары қызғаныш етеді екен. Бірақ Мағаш олардан сонағұрлым биік, қасиетті, алдына Семей емес, талай алыс ояздардың нелер үлкен дауы келіп, дауа тауып жатыр дейді. Бірақ ең соңғы хабар әкелуші Самарбай молда Мағаштың өзінен әкесіне хат әкеліп, ол Абайдың қалаға келуін сұрайды. Науқасқа айналып бара жатқан сияқты. Доктормен, әкесімен ақылдаспақ.

Самарбайдың өзі көріпті. Бір билікті Мағаш төсекте жантайып жатып, айтып жатыр екен. Өңі жүдеу көрінеді. Абай тыныштығы кетіп, тағы да қабат қаза көрем бе деп, Әбіш есіне түсіп, үйықтай алмай шошынады. Асығып қалаға тартады.

II

Абай қалада. Абай соны қарата келген. Павловпен ақылдасады. Павлов өзінің жақсы танысы Станов докторды әкеледі. Мағаш науқасы қауіпті. Ол туберкулезге айналып барады. Павлов орыс кедейінің халін айтады. Патшалыққа айрықша ош, ызалы күйді білдіреді. Биыл Россиядағы ашаршылық пен крестьяндар көтерілісіне жұрт көңілін алаң ету үшін Жапониямен соғысқалы тұр. Бұнысы оңбағандық. Жеңілсе, сол рахат болар еді дейді.