Читать «Абай жолы. 4 кітап» онлайн - страница 303

Мұхтар Әуезов

III тарауға

1. Тараудың басында Әйгерім мен Мәкен іс тігетін суреттің алдында Мәкен мен Дәрменнің ендігі орналасқан Ақшоқыдағы мекен-жайы, отауы суреттелу керек. Сондағы таңертең тұрып, шай ішіп, шат көңілмен жақсы бір сәт аңғартқан күншуақ шағы суреттелу керек. 247-6.

2. Әбіштің қазасы үстінде Дәрмен Абайдың өз жайын, қайғы-уайымын қатты қасірет етіп, Мәкенге жазу керек. 318-6.

3. Әбіштің хабары Дәрмен мен Мәкеннің оңаша уайымы түрінде суреттелу керек. Мәкен Мағыштың жан досы екені екеуі бірігіп, Алматыға жазған хаттан көріну керек. 257-6.

4. Мағаш Алматыдан қайтқан сапарда жан сөзіндей жақын, ақын сөзімен көңіл айту керек. Бұл дағдылы көңіл айту түрі емес, көлденең бір мысал оқиғаны баяндағандай айтылу дұрыс. 315-6.

5. Әбіштің сүйегін Мағыш көрген сәтте оны Мәкен мен Дәрмен қолтықтап сүйеп, бауырға алу керек. 321-6.

IV тарауға

1. Абайдың соққы жегенінен кейінгі күндерде Мәкен мен Дәрмен уайымы, оңаша қасіреттері суреттелу керек. 423-6.

2. Мәкен, Мағыш Абай қайғысымен оңаша шер етіседі. Мәкен Мағыштан жасырғысы келсе де, ол Абай қасіретін естиді. Мағыштың соңғы үзілер шағында ең соңғы көз жасы сол жөнінен болады. 428-6.

V тарауға

1. Сейіттің Оразбаймен айтысуында бір жай Сейіт аузында қатты ашық аталу керек. Сейіт өзін жерге көмген Оразбайға лағынет айтады. "Жалғыз көзді жалмауызсың" – дейді. бол арқылы жалғыз көзді Құнанбайдың Қодарды өлтірген тажалдай қылығы мынау жалғыз көзді жалмауызға ендігі бір жаза шегуші, осы заман Қодарының аузымен айтылған үкімі тәрізді болу керек. 453-6.

2. Павлов пен Абайдың кездесуі қандай үйде, қандай көрініс шағында суреттелу керек. Ертістің жағасы, ымырт шағы, бейуақ кезінің қаладағы сипатымен қоса суреттеліп берілу керек (табиғат көрінісі, қала суреті). Абай психологиясымен қоса беріледі. 482-6.

3. Осы тарауда Әбенге дос орыс семьясы, әсіресе орыс әйелі Затон тіршілігіндегі бір оқиға, кездесу кештеріне араласу керек.

VI тарауға

1. Абайдың науқасы Әйгерім мен Мәкеннің оңаша сырласып шошуынан Дәрменге мәлім болады. Дәрмен мен Мәкен оңаша қайғыда, екеуі де енді Абай бауырынан ұзамасқа тырысады. 636-6.

2. Базаралы мен Ерболдың қазасын естігенде, Абай барайын деп, Дәрменді ертіп, атқа міне береді де, талып жығылып қалады. Абайдың ендігі қайғысы жай түскен бәйтеректің қасіретіндей боп, бұрынғы суреттелген қалыпта беріліп келеді де, кейін автордың ремаркасымен ілгері созылып, терең сыршылдық, философиялық толғауға ауысады. Бұнда жақсы жандар қазасы, елдің жұты, халық қазасы, сахара трагедиясы өзгеше бір терең, мұңды толғау боп таратылу керек.

Екінші кітапқа әлі қосылатын жайлар

1. Алғашқы тарауларда, әсіресе және жалпы бар кітап бойында әр тұста табиғат көркі, қалпы жақсы мол орын ала түсу керек. Өзгеше ескерілетін қала суреті, қаладағы жазғы, күзгі, қысқы, көктемгі пейзаж, көше, қала, Ертіс, аралдар бейнесі қажет.