Читать «Абай жолы. 4 кітап» онлайн - страница 310

Мұхтар Әуезов

Ұлы жүрек түбіндегі ең соңғы бір кенже, таусыншық асыл туыс па екен! Қара сөзбен айтқаны болмаса, жаңағы Дәрменнің өзі қайталап айтқан Абай сөздері соншалық бір терең, көркем! Бар өлеңнен де өктем бір оқшау өлең ғой! Толысып туғалы тұрған терең сырлы сымбат қой. Толқыған теңіз түбінен атылып шығатын меруерттей кесек қымбат дүние ғой!.. Осы және Абай кешіп өткен шабытты ақын өмірінің, еңбекке толы азамат ойының, ойға толы өмірінің екшеліп келген, сараланған жиын жайы екен.

Дәрмен ойы ұзай түсті. Кең шабытпен байқап, шолып аңдаса, Абай өзін ұзақ өмір бойында сол сахараға гүлдер шашқан, асыл ұрықтар таратқан бәйтерекке теңепті. Сонысы дәл ғой. Айнымас әділ, анық шын ғой. Осыны және қай кезде айтыпты? Жай түсіп, соңғы бұтақтарына арыз-айып еткендей өкім айтып өтіпті. Бұл зәулім шынардың ең соңғы қалған үш-төрт жемісті балғын бұтақтары бар еді. Оның бірі – Мағаш, бірі – халқының қадірлісі – Базаралы. Тағы бірі – Абайдың бала, бозбала шағынан осы күнге дейін өмірде бір рет, бірде-бір, сәл ғана қабақ шытындырып көрмеген айнымас досы, бар туғаннан да жақын туған, өмір серік жан досы Ербол еді. Осының үшеуі бірдей сынып, күні жаңағыдай жан жалынын атқан екен, асыл көкірек! Дәрмен енді ойласа, Базаралыға, Ерболға, Мағашқа Абайдың айтқан "қош-қошы" осы. Жаны жылап тудырған жоқтауы да осы екен-ау!..

Дәрмен осылайша өзі де бір ақындық терең толғауға түсті. Ақын жанын ақынша шыншыл шабытпен жете таныды. Бұның көңіліне Абай енді өз сапарын, өмір сапарын тауысып қойған жандай сезілді де, ол уана алмай, көп жылап, көп егілді" (436- 437-66.).

Осылар сияқты 1957 жылғы таңдамаларына енгізген үш-төрт қосымшасы болмаса, қалғандарының барлығы жеңіл-желпі жөндеп, өңдеулер санатына жатады. Алғашқы жазылымында және журналдық нұсқасында жоқ мына секілді үлкенді-кішілі толықтырулар 1957 жылғы басылымына қосылды. Олар: бірінші қосымша (3-4 бетте), екінші қосымша (4-6.), үшінші қосымша (6-7-66.), төртінші қосымша (16-17-66.), бесінші қосымша (40-6.), алтыншы қосымша (42-6.), жетінші қосымша (47-6.), сегізінші қосымша (47-6.), тоғызыншы қосымша (50- 51-66.), оныншы қосымша (52-53-66.), он бірінші қосымша (53-54-66.), он екінші (62-63-66.), он үшінші (66-6.), он төртінші (67-6.), он бесінші (68-6.), он алтыншы (71-6.), он жетінші (80-6.), он сегізінші (83-6.), он тоғызыншы (85-6.), жиырмасыншы (88-92-66.), жиырма бірінші (97-98-66.), жиырма екінші (107-6.), жиырма үшінші (118-119-66.), жиырма төртінші (121- 122-66.), жиырма бесінші (123-6.), жиырма алтыншы (127- 129-66.), жиырма жетінші (142-143-66.), жиырма сегізінші (147-6.), жиырма тоғызыншы (149-151-66.), отызыншы (151- 152-66.), отыз бірінші (199-203-66.), отыз екінші (206-207-66.), отыз үшінші (227-228-66.), отыз төртінші (231-232-66.), отыз бесінші (241-242-66.), отыз алтыншы (253-254-66.), отыз жетінші (274-6.), отыз сегізінші (277-278-66.), отыз тоғызыншы (280-281-66.), қырқыншы (285-6.), қырық бірінші (295-301-66.), қырық екінші (295-301-66.), қырық үшінші (339-341-66.), қырық төртінші (395-396-66.), қырық бесінші (424-425-66.), қырық алтыншы (431-6.).