Читать «Абай жолы. 4 кітап» онлайн - страница 309

Мұхтар Әуезов

– Қайран ағатай...

– Әттең, асылым, аға-кем!

– Садағаң кетейін ағатайым, ардақтым!

– Құрбаның болсамшы, ағажан... – деген жан сөздерін ыстық жалынмен кейде қатар, бірін-бірі қостай айтысады... Ұзақ шеккен қапа-қасіреттен соң Дәрмен ес жия бере бір-ақ ой түйді. Сонысы Көшбикеде болған қорлық қазаның анық шыны, сыры еді.

– Кешегі Арқаттағы сиязда берген куәлігің үшін-ау! Ар үшін, адамдық үшін, азаматтың асылы, әділі боп берген куәлігің үшін жауыздардан жапа шектің-ау! Асылым, арысым! Қайран ұстазым, ағажаным! – деп, Мәкенмен екеуі ғана болған сәтте осындай ой түбіндегі оқшау шерін шеккен-ді" (289-290-66.).

Алдыңғы нұсқаларына қарағанда жазушы Дәрменді көбіне Абай жанында, Абай іс-әрекетінің, кептеген оқиғалардың басы-қасында болғызып отырды. Әсіресе, соңғы тарауда айрықша толықтырып, бұрынғысынан да жетілдіре түсті. Ақынның үміт еткен таяныш-тірегі сыпатында көрініс таптырды. Бұлар қолжазбаның 504,539-беттеріндегі қосымшаларынан анық аңғарылды. 1956 жылғы басылымын 1957 жылғы басылыммен салыстырып қарағанда, Мағаштың, Ербол мен Базаралының өлімінен кейін қайғы шегіп, мүлде өзгеріп кеткен Абайды кейінгі толықтыруымен одан да әрі тереңдете түседі.

"Мағаштың қазасын өз басы ауыр уайым ету үстінде әрі Абай үшін, әрі жаңағыдай халық үшін аса қиналып ойлаған бір жан Дәрмен болды. Мағаштың науқасы талайдан мойындатып, ойды еріксіз бағындыра көндіріп жүрген дерт еді. Асауды құлақтан басып мойындатқандай, демді құртқан қауіп-қатер болса да, Мағаш қайтыс болғалы Дәрмен үшін дәл осы жалғанның бір үлкен жарымы көшіп, өшіп кеткендей болды. Орнында тек тұңғиық терең қуыс қалғандай. Өз көңілі осыны сезініп, өзгеден оқшауланып, терең налаға батады. Соны тек қана түнгі ұйқысыз күрсінген қамырық арасында жан сырласы Мәкенге ғана айтады.

– Дүние не боп кетті! Опасыз дүние!.. Қандай қазаға ұшыраттың бізді?.. Осылай таусылып біткеніміз бе? Кешегі көркем өмір, кең дүние, солғаның ба, кеткенің бе бұл-бұл ұшып жасқа толы біздің көздер алдынан!.. – деп, сонша ширығып, шерленіп кетеді.

Осы уайымның көптен көбі және де Абаймен байланысты. Өлген Мағаш пен бүгін өлі мен тірінің арасындағы Абай екеуін бірдей жарадар жанымен мүсіркеп, есіркей толғанады. Сол күйге Абай қайғысына соңғы күндерде шұбыра келіп, зар-наласын қосып жатқан жаяу-жалпы, аш-арық, көп жылаулар, дос-жар халық қайғысын тағы да қосады. Оны да өз шеріне шер, уына у қосып жатқан ерекше бір шынның жасы деп сезінеді.

Әзімбай, Шұбарлар ойлағандай, шұбырып келіп жатқан жылаулар, көпшілік Абайдан бірдеме алсам, жесем деген жандар емес. "Аяулы жан, көңілің қаяу, көзінде жас тұрған шағыңда менің де сенен іркер дүнием жоқ. Зарыңа зар қосамын. Берерім сол, әкелгенім соным!" дегендей" (429-6.). "Осы бір өзі ғана білген Абай шерін, сырын айту үстінде Дәрмен бұрын аңдамаған, ойы жетіп болмаған өзгеше жайларды енді-енді тереңдеп, кең ұғына бастады. Тегінде, жаңағы жан сөздері Абайдың бұрынғы тірлігінде айтылмаған, әлі тудырмаған ғажайып сырлы, өзгеше бір өлеңі тәрізді.