Читать «Абай жолы. 4 кітап» онлайн - страница 300

Мұхтар Әуезов

Уақтар Тобықтыға Құнанбай заманында өтіп кеткен жерлерін қайтарып ала бастаған кезде: "Уақ Арғын болды, Арғын әркім болды" деген мәтел шығады. Осының бәрін Ірбіт, Түмен жандаралдарымен істес дейтін Нұрке істейді. "Бұған тоқтау, бөгеуілді Абай қоймаса, басқамыз ештеңе істей алмаймыз", – деп, оны Жалпаққа шақыртады. Олар Обалы, Қоғалы, Қарақұдық, Терісқұдық, Білде, Шолакеспе сияқты көптеген қоныс өлкелерді қайтарып алып қойған. Ішінде Ысқақ бар – Оразбайлар кісі аттандырады. Уақтан кісі өледі, оның ақыры үлкен дауға ұласып, Оразбай, Ысқақтар пара беріп әрең құтылады. Нұркенің жері Семейге жақын Мұқыр өзенінің бойындағы Жалпақ, оның Жанғазы, Серғазы деген балалары болған. Серғазы:

"Бастығы Слабодка – Нұрке болыс,

Ен Жалпақ, Қамал аулы болған қоныс", –

деген сөздермен басталатын кітап шығарған. Жалпақтағы жиында Нұрке үйге кіре бергенде, Әшірбайдың Оспаны деген әдейі байқамаған болып, желкеден түйіп, құлатып жібереді, "ой, бұның не, кісіге соқтығып?!" – дейді. Бұл өңірде Үдері, Дүзбембет, Бәлен, Малтабар деген де байлар болған. Малтабардың түбі Керей, оның көп малы осындағы Ащықұдықты мекендейді. Абаймен де, Көкбаймен де аралас-құраластығы бар Әлпейімнің ол жөнінде "Бес жүз теңге жастанған, жынды бола бастаған" – деген сөзі де бар.

Бұл қалада қырдан, соның ішінде Шыңғыс атырабынан да келіп, саудагерлікпен, өзге де кәсіппен айналысып, тұрақтап қалғандары көп, олардың көбін Абай жақсы таниды, соның бірі Көтібақтан шыққан Жарасбай туралы:

"Іші–тері, сырты – жүн,

Қой терісі – сабасы.

Жарасбайдың тұрғаны –

Слабодка қаласы.

Бес ешкіден мал жиған

Көтібақтың баласы" –

деген өлеңді біледі. Осы секілді саудагерлер мен байлар кедейлерге несие береді де, одан үстеме өндіреді. Осы несиенің қайтарылуын "Ғинуар", "Имампос" деп атайды. Бұлардың қарапайым жандарды құтылмастай қарызға батырып, көп шығынға ұрындыратыны жиі болады.

Қаланың іші-тысы, айналасындағы елдердің хал-жағдайларын білумен қатар, сол кезге тән киім киістері мен заттық дүниелері де көрініс береді. Абайдың жас кезімен салыстырғанда бұл уақытта даланың байланысы, алыс-беріс, барыс-келісі әлдеқайда күшейген, қала мектептерінде оқитын балалардың саны да артқан. Осыған байланысты деректердің ішінен мыналар оқшауланып көрінеді.

Балалар:

1. Рахым – 18-19-да, 80 ж.

2. Асан – 5 кл. Гор. уч., 14-те, 85 ж.

3. Үсен – -//-//-12-де, 87 ж.

4. Нығмет – -//-//- 12-де, 87 ж.

5. Жолан – 12-де, 87 не.

6. Сейітов Асқар – 9-да, 90 ж.

7. Әбенов Мақсұт – 9-да, 90 ж.

8. Сейілов Шәкет – 8-де, 91 ж.

9. Жәбікенов Мұрат – 8-де, 91 ж.

Молдалар:

Ғабдұлжаппар, Әшімқожа хазірет

Жамаладдин, Ахметжан хазірет

Ғабдыразақ, Мирқұрбан

Мәлкаждар

Халфелер:

Зәкен, Ғабдышүкір

Қолбай, Самұрат мәзін

соқыр қари, Шәкіржан

Юнус халфе

Байлар:

Татар: Уәли

Ысқақ

Шериаздан

Қазақ: Сейсеке Хасен

Тілеубай қажы Түбек

Садық Икрам

Болажан Бақия қажы

Оқыған қаратаяқтар:

Әзімхан Жабайханов

Сақып Сақбаев

Сарманов Данияр

Нұрқанов Қыдыр

Самалбек Доспанов

Баспақов Бәшір

Саудагерлер:

Есберген, Саудабай, Жәпек

Қодыға, Салмақбай, Әліпбек

Қайнарбай, Сағындық, Білембек

Төлепбек, Дәулеткелді, Сақ