Читать «Әсемпаз болма әрнеге» онлайн

Абай Құнанбаев

Абай Құнанбайұлы

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан.Сен де – бір кірпіш, дүниегеКетігін тап та, бар қалан!Қайрат пен ақыл жол табарҚашқанға да, қуғанға.Әділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға.Бастапқы екеу соңғысызБіте қалса қазаққа,Алдың – жалын, артың – мұз,Барар едің қай жаққа?Пайданы көрсең бас ұрып,Мақтанды іздеп, қайғы алма.Мініңді ұрлап жасырып,Майданға түспей бәйгі алмаӨзіңде бармен көзге ұрып,Артылам деме өзгеден.Күндестігін қоздырып,Азапқа қалма езбеден.Ақырын жүріп, анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстазтық қылған жалықпасҮйретуден балаға.